Босқындар лагерінен өрт шығып, 12 мың адам баспанасыз қалды

165

Бангладеш билігі рохинджа босқындар лагеріндегі ауқымды өрт себебін тексеріп жатыр. Оның салдарынан 12 000 адам баспанасыз қалды деп хабарлады turkystan.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Ресми мәлімет бойынша, өрт асүйдегі газ баллонының жарылуынан 2000 ғимаратты шарпыған. Зардап шеккендер туралы хабар жоқ.

Полиция өрт қасақана қойылды ма, соны тексеріп жатыр. Бір ер адам ұсталды деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Елдің оңтүстік-шығысындағы лагерь әлемдегі ең ірі босқындар лагері саналады. Ондағы тұрғындардың басым бөлігі мұнда Мьянмадан қашып келген.

Дүйсенбі жүздеген адам Кокс-Базар деп аталатын ауданға оралды.

Өрт жексенбі күні жергілікті уақытпен 14:45-те басталып, тез тараған. Тілсіз жау үш сағаттан кейін ауыздықталған. Кем дегенде, 35 мешіт пен 21 оқу орталығы тас-талқан болды.

Өткен айда жарияланған Бангладеш қорғаныс министрлігінің есебіне сәйкес, 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың желтоқсанына дейін рохинджа лагерьлерінде 222 өрт болды, оның ішінде 60 өрт қасақана жасалған.

Босқындар лагерінде Мьянмадағы рохинджа этникасына қарсы әскери репрессиядан қашқан адамдар тұрады.

https://turkystan.kz/article/215785-boskyndar-lagerinen-ort-shygyp-12-myn-adam-baspanasyz-kaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.