Бородулиха ауданындағы өртті бақылау үшін оқиға орнына облыс әкімі Берік Уәли келді. Аймақ басшысы жағдаймен танысып, өртті тікұшақпен әуеден қадағалады.

Барлық күштер өрт аймағына келіп, қойылған міндеттерді орындауда. Қызметтердің үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде Қамышенка ауылына төнген қауіп сейілді.
Барлық іс-шараларды үйлестіру үшін ҚР ТЖМ Жедел басқару орталығының базасында жедел штаб құрылды.

Облыс әкімі өрт толық сөндірілгенге дейін жағдай қатаң бақылауда болатынын айтып, тиісті тапсырмалар берді.

«Ең бастысы – адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі. Облыстағы барлық техниканы жұмылдырып жатырмыз. Басқа облыстардан да техникалар көмекке келіп жатыр. Жағдай тікелей бақылауымда болады», – деді Берік Уәли.