Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында жүлде алған боксшылардың аналары да марапатталды деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев шаршы алаңда ел намысын қорғаған спортшы азаматтардың аналарына алғыс айтып, сый-құрмет көрсетті.
«Сырт алаңдағы әлем чемпионатында 4 алтын және 1 күміс – Қазақстан үшін тарихи нәтиже! Бұл туралы бүгінгі салтанатты шарада бір емес, бірнеше рет сөз еттік. Бірақ бұл ретте рингтегі нәтиже ғана емес, бүгінгі оқиға да біз үшін тарихи екенін атап өткім келеді. Бұл күні біз алғаш рет спортшылар мен жаттықтырушыларды ғана емес, жеңімпаздарымыздың аналарын да құрметтейміз! Мен оларға осындай чемпиондарды тәрбиелегені үшін жеке алғыс айтқым келді. Бұл Қазақстан бокс федерациясындағы тағы бір дәстүрге айналатынына сенімдімін. Бүгін еліміздің әр қалаларынан арнайы келген чемпиондардың аналарымен кездескеніме шын жүректен қуаныштымын. Біз оларға гүл шоқтары мен 2 миллион теңгенің сертификаттарын табыс еттік. Чемпиондарымыздың аналары ұлдарының жетістігіне ұзағынан қуансын деп тілейміз!», – деді Кеңес Рақышев.
https://turkystan.kz/article/224681-boksshylardyn-analary-da-marapattaldy/