Аргентиналық блогер кіндігіне операция жасатты. Бұл туралы The New York Post басылымы жазды деп хабаралады turkystan.kz.
Ол кіндігін үнемі тазалағысы келмеген соң, оны бітеп тастауды жөн көрген.
Блогер TikTok аккаунтында операцияға дейінгі және операциядан кейінгі суреті мен видеосын жүктеді.
Бұған дейін де желідегі оқырмандарын таңғалдырып келген жігіт тілін екіге бөліп, құлағына да ота жасатқан.
Қазір блогердің видеосы желіде 3,2 миллион қаралым жинады. Оқырмандардың көбі операцияны кіндікте кір жиналмауы үшін жасатқанына сенбейтінін айтты.
https://turkystan.kz/article/208311-bloger-kindigin-tazalay-beruden-erinip-tigip-tastagan-foto/