БҚО-да басқарма басшысы 9 жылдан кейін бостандыққа шықты

140

2014 жылы 12 жылға бас бостандығынан айырылған Батыс Қазақстан облысының облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағанов бостандыққа шықты деп хабарлады turkystan.kz.

Ол бюджет қаражатын жымқырып, қылмыстық топ құрды деген айыппен 12 жылға сотталған болатын. Одан кейін оның жазасы 9 жылға қысқарды.

2020 жылы тамыз айында Ондағанов жазасын өтеп жатқан Қостанай облысындағы колонияда 7 жыл 3 ай қамауда отырып, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Алайда сол жылы 19 тамызда Қостанай облысының соты оны қайтадан қамауға алып, жазасын толық өтеу туралы шешім шығарды.

Кеше Мүсілім Ондағановтың жазасын өтеу мерзімі толық аяқталды. Ақпаратты оның адвокаты Абзал Құспан да растады.

https://turkystan.kz/article/212125-bko-da-baskarma-basshysy-9-zhyldan-keyin-bostandykka-shykty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.