«Бизнеске жол» жобасы аясында 280 кәсіпкердің құқығы қорғалды

116

Жамбыл облысы бойынша кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бизнесті қолдауға байланысты жүргізілген жұмыстардың нәтижесімен «Бизнеске жол» жобасы аясында департаментпен өңірдің 280 кәсіпкерінің құқықтары қорғалды. Шешілген кейстердің нәтижелері бойынша 4 лауазымды тұлға тәртіптік, 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті басшысының бірінші орынбасары Д.Омаров айтып өтті.
Мәселен, «Жамбыл Су» ШЖҚ МКК басшылығының шарттық міндеттемелерді уақтылы орындамауына қатысты кәсіпкерлер тарапынан шағым түсті. Шағымды зерделеу барысында «Жамбыл Су» ШЖҚ МКК жалпы сомасы 152 млн.теңгеге 98 кәсіпкерге (221 шарт бойынша) ақшалай берешегі бар екені анықталды. Департамент Тараз қаласы әкіміне тиісті хат жолап, нәтижесінде «Жамбыл Су» ШЖҚ МКК берешекті төлеу кестесін құрып, қазіргі уақытта берешектерді өтеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Одан бөлек, «Көлік сервис орталығы» АҚ қызметін зерделеу барысында кәсіпкерлер ай сайын бір ай мерзімге жол жүруге, кірме жолға тұрақтауға шарттар жасауға мәжбүр болатыны анықталды. Бұл өз кезегінде жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді. Департаменттің ұсынымен көлік сервисінің басшылығы кәсіпкерлермен бір жылға келісім жасасу туралы шешім қабылданды.
Департамент «Бизнеске жол» жобасы аясында әкімшілік кедергілерді жою және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарды тұрақты бақылауға алып, мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерге кездескен кәсіпкерлерді қорғау бойынша жұмыстарға басымдық беретін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.