Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 5 қарашасында «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы» Конституциялық заңға қол қойғаны белгілі. Бүгінде Уәкілдің республикалық маңызы бар қалалар мен өңірлерде өз өкілі бар. Сондай-ақ оған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және азаматтарын құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында белгілі бір құзыреттілікте берілген. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде Уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байхожаев баяндады.

