Мәжіліс кулуарында Жамаубаев банктерге қанша теңге қарыз екенін айтпады.
«Бұл – банк құпиясы. Бірақ ипотека бар. Министрлер де ипотека алады, біз де адамбыз ғой», – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов балаларының Қазақстанда білім алатынын айтқан еді.
«Әрине, елдегі білімге де, денсаулық сақтау саласына да сенім артамыз. Жеке өзім және отбасым осында, Қазақстанда емделеміз. Мен Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алдым. Балаларым қазір Астанада мемлекеттік мектепте білім алып жатыр», — деді Үкімет басшысы тілшілерге берген сұхбатында.
https://stan.kz/biz-de-adambiz-karzhi-ministri-erylan-zhamaubaev-nesies-372381/