Биылғы ҰБТ-дағы «ең креативті» көшіру тәсілі аталды

79

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде жыл сайын ҰБТ-да заң бұзушылар азайып келе жатқанын айтты. Десе де, олардың арасында креативті оқушылар да көзге түскен.

«Биылғы ең креативті көшіру тәсілі деп костюмінің кеудесін ойып, смартфонды соған салып өткен оқушыны айтуға болатын шығар. Осындай тәсілмен ол смартфонның экранына «терезе» ашып қойған. Сол «терезе» арқылы ашып, жауып отырған. Әрине, біз мұны ахуал орталығы арқылы байқап қойдық. Ол талапкердің ҰБТ қорытындысы жойылды», — дейді орталық директоры.

Емелбаевтың айтуынша, денсаулығында кінәрат бар оқушылардың витамин немесе дәрі алып кіруге рұқсат берілген. Алайда түлектердің бірі дәруменнің бетіне формула жазып кірген жағдай болыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.