БИЫЛ 50 МЫҢ ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

126
Аймақта ағын суды тиімді пайдалану және суармалы судың ысырабын азайту мақсатында ағымдағы жылы 50 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілсе, оның 32,7 мың гектарына тамшылатып суару, 17,3 мың гектарына жаңбырлатып суару технологиялары енгізілді. Бүгінгі күні жаңбырлатып және тамшылатып суару техникалары бойынша шаруашылықтардан түскен 84 өтінімге 2,7 млрд. теңге субсидия төленді.
Одан бөлек, облыста 2024 жылға дейін 646 ұңғыма қазу арқылы суару маусымында жетіспейтін 275,0 млн.м3 суды жер асты суының қорларымен қамтамасыз ету жоспарланған. Биылғы жылы жаңа 84 ұңғыма қазылып, егістік жерлер 35,6 млн.м3 сумен қамтылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.