
https://turkystan.kz/article/262374-birzada-dollar-bagasy-osti-5
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа алынған бағамы 512,44 теңгені құрап, 0,34 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылғы 16 маусымда ҚР Ұлттық банкінің ресми доллар бағамы 511,92 теңге деңгейінде белгіленді.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орташа есеппен 512,38 теңге, сату бағамы – 514,1 теңге. Астанада долларды орта есеппен 509,61 теңгеге сатып алып, 515,62 теңгеге сатып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 9 маусымдағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,66 теңгеге, 10 маусымда – 0,12 теңгеге, 11 маусымда – 0,59 теңгеге төмендеген, ал 12 маусымда 3,45 теңгеге, 13 маусымда 0,22 теңгеге өскен болатын.