Бірлесе атқарған жұмыстар бойынша жедел кеңес өтті

633

Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтерімен полиция бөлімшелерінің өзара бірлесіп атқарған жұмыстары бойынша жедел кеңес өткізілді.

Өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Абылайхан Ильясовтың төрағалық етуімен өткен басқосуға ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы полиция майоры Азамат Куринбаев, ҚАЖ комитетінің бас маманы әділет подполковнигі Ғалымжан Уазиров және облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция полковнигі Мұрат Байсеркенов, облыстық ҚАЖ департаменті пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Жанат Нурмаханбетова сондай-ақ Тараз қалалық пробация қызметімен полиция бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Жиын барысында ІІО профилактикалық есебінде тұрған азаматтардың қайта қылмысқа баруының алдын алу, есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріп, соттың шешіміне сәйкес қойылған шектеулерді бұзу деректерін болдырмау жөнінде кеңінен айтылды. Сонымен қатар, аталған жедел кеңесте ресми түрде әкімшілік қадағалауда тұрған мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдарды есепке алу жөніндегі жұмыстарды қатаң бақылауға алу, формальді түрде әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарға қатысты қадағалау істеріне тексеріс жүргізу туралы ұсыныстар енгізілді.

Айта кетейік, өткен жылдың 12 айында ІІО профилактикалық есебінің МШБТ санатында тұрған тұлғаларға қатысты сотпен қойылған шектеулерді бұзғаны үшін сотқа ұсыныс жолданған. Нәтижесінде сот тарапынан бұл ұсыныстардың бірқатары қолдау тауып, түзеу мекемелеріне кері қайтарылған. Бұдан бөлек, ІІО профилактикалық есебінде тұрған азаматтарға әкімшілік қадағалау орнатылып, оларға пробация қызметінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген. Оның ішінде, жеке бағдарламар бойынша 571 азамат жұмысқа тартылса, 32 тұлға өз бетінше жұмысқа орналасқан.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.