Бірқатар өңірде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

52

«Қазгидромет» 12 қазанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды.

Бірқатар өңірде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды
 istockphoto.com
 246

Республиканың басым бөлігінде қатты жел, бұрқасын болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанада қар жауып, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында көктайғақ, бұрқасын болады. Өрт қаупі жоғары.

Абай облысында қар жауады деп күтілуде.

Ұлытау облысында өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысында бұрқасын, жауын-шашын, көктайғақ, қатты жел болады.

Қызылорда облысында тұман түседі, күн суытады. Өрт қаупі жоғары.

Павлодар облысында қар жауып, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, көқтайғақ болады. Жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысында бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі.

Атырау мен Маңғыстау облысына тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында жел күшейеді. Өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысында найзағай ойнап, жел күшейеді. Өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысында көктайғақ болады. Жел күшейеді.

Жетісуда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.

Жамбыл облысында өзендердегі су деңгейі көтеріліп, күн жылуы мүмкін.

https://turkystan.kz/article/250317-birkatar-onirde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy

Leave A Reply

Your email address will not be published.