Бірінші рет тіркеліп отыр: Ұрғашы қолтырауын аталықпен будандаспай-ақ өзінен-өзі жұмыртқалады

143

Бұл туралы ВВС жазды. Дерекке сүйенсек қолтырауынның еш будандаспай жұмыртқалауы алғашқы жағдай. Тіпті оның аналықпен генетикалық сәйкестігі — 99,9 пайызды құрап отыр.

Ғалымдар аталық әсерінсіз көбею үрдісі қалыпты жағдай екенін біледі. Себебі балықтар мен құстарда, бауырымен жорғалаушыларда жиі кездеседі екен. Бірақ қолтырауындар арасында бұл бірінші рет тіркеліп отыр.

Қолтырауын зообаққа 2 жаста болған кезінде жеткізілген. Содан бері аталық көрмепті. Бірақ ондағы жұмысшылар жұмыртқаны анықтағанда қайран қалып, бірден Вирджиния политехникалық университетінің ғалымдарына жүгініпті.

Зерттеу барысында жұмыртқаның аталық әсерінсіз пайда болғаны дәлелденді.

Жалпы, ғылымда аң-құстардың аталықсыз жұмыртқалауы таңсық емес. Бірақ көп жағдайда ондай тұқымдар жансыз болады. Сондықтан жарамсыз деп лақтырып отырған. Бірақ қолтырауынның жұмыртқасы керісінше болып шықты.

https://stan.kz/birinshi-ret-tirkelip-otir-kosta-rikada-yrgashi-koltira-383459/

Leave A Reply

Your email address will not be published.