«Біреуі де қараусыз қалмауы керек» – Смайылов

228

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу кестесі бекітілді. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтылды деп хабарлады turkystan.kz.

Жаңа форматқа сәйкес кездесулер «жүзбе-жүз, ашық тілдесу» түрінде өткізіледі.

Өңірлерге жұмыс сапарлары кезінде министрлер азаматтарды жеке қабылдады, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.

Жоспарланған кездесулерге орай азаматтардың өтініштеріне арнайы алдын ала талдау жүргізілді.

Халықпен кездесуден соң барлық деңгейдегі әкімдер проблемалық мәселелерді жүйелейді, ал оларды қаржыландыру мүмкіндіктері мәслихат сессияларында қаралады.

«Мемлекет басшысы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» принципінің маңыздылығын атап көрсетті. Біз халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың сын-пікірлерін де тыңдай білуіміз керек. Адамдарды күнделікті болып жатқан қарапайым мәселелер алаңдатады. Тек осындай кездесулердің қорытындысы бойынша ғана халық тарапынан 30 мыңға жуық мәселе мен ұсыныс көтерілді. Олардың біреуі де қараусыз қалмауы тиіс. Халық өздері көтерген мәселелердің нақты шешім тауып жатқанын көруі керек», — деді Премьер-министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.