БІР ҮЗІК СЫР…

192
Жасың келген сайын ұйқы азайып, уайым көбейеді екен.
Күлкіден күрсінуің артады.
Жас кездегідей бас салып салғыласқың да келмейді. Өзіңдікі дұрыс екенін білсең де, дәлелдеуге тырыспайды екенсің. Адуыннан алыс жүруге тырысасың.Ақылдыларға ауызың ашылмайды. Не болса соған, данышпансып, ақылың шашылмайды.
Жастық шақта байқамағанды байқайсың, өз ақымақтығыңа басыңды шайқайсың. Кеткен кетігіңді толтырғың келеді, бұрынғыдай қонақта емес, өз шаңырағыңда отырғың келеді. Жолдасыңа да бұрынғыдай назданып, еркелемейсің, не болса соған сүйреп желкелемейсің. Жыл келген сайын жарыңды жағалайсың, бұрынғыдан да бағалайсың. Балаларыңа да міндет етпей көбісін, қарайсың осылар деп ұрпағым, өрісім.
Жастықта қыдырғанды аңсасаң, енді қонақ келгенді аңсайсың. Бұрын сериалдан шаршасаң, енді немереден шаршайсың.
Әрнәрсеге байыппен қарап, саралайсың.
Қиындықты қай пейілімнен демейсің, тағдырдың жазу дегенге көнесің.. Жерортасында тұрғаныңды өзің де сезесің.
Ия…. Бұл өмір!
Г. Затайқызы.
Возможно, это изображение 1 человек и текст

Leave A Reply

Your email address will not be published.