Бір шаңырақ астында

664
Ұлттар арасында достықты нығайтуға, олардың өнерін, мәдениетін насихаттап, еліміздегі халықтар тарихына деген құрметті қалыптастыру, этносаралық қатынасты дамыту мақсатында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Бір шаңырақ астында» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында әр ұлттың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы айтылып, бір ұлт болып ұйысқан өңірде тұратын өзге ұлт өкілдері өнерлерін паш етіп, әр ұлттың өз тарихына қысқаша тоқталды.
Жалпы Сарысу ауданында бір шаңырақтың астында тұрақтылық пен бірлік сақтап отырған 2659 этнос өкілі өмір сүреді. 7 этномәдени бірлестіктер этносаралық жұмысты жетілдіріп, ұлттар мен ұлыстар арасындағы келісім мен толеранттылықты нығайтуға өз үлестерін қосып келеді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.