«Бір халық-бір ел-бір тағдыр» атты облыстық спартакиада

64
"Бір халық-бір ел-бір тағдыр» атты облыстық спартакиада
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен әртүрлі этнос жастары арасында өзара қарым-қатынасты нығайту, татулық пен бірлікті қалыптастыру, жастар арасында салауатты өмiр салтын насихаттау мақсатында «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» атты облыстық спартакиада өтті.
Атаулы шараға Жуалы, Сарысу, Байзақ, Жамбыл аудандарынан 4 команда және Тараз қаласынан 11 команда қатысты.
Жалпы шарада 80-ге жуық жас спартакиада ережесіне сәйкес спорттың 8 түрінен өзара бақ сынады.
Спартакиадаға жалпы құны — 225 000 теңге жүлде қоры қойылды.
Жүлделі орындар төмендегі командаларға бұйырып, орын алмаған командалар алғыс хаттармен марапатталды:
1-орын 100.000 тг. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «ЖПЖК» командасы;
2-орын 75.000 тг. «Болашақ» командасы;
3-орын 50.000 тг. «Парасат» командасы иеленді.
Жомарт ЗҰЛПЫХАР, Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.