БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

172
«ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады.
Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, білім нәрімен сусындату жолында барынша еңбек етіп келеміз.
«Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда.
 Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орын алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз.
 Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу.
Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман» деп Міржақып Дулатұлы айтқандай, заманауи, қарқынды дамып келе жатқан әлемде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелесек, үлкен жетістіктерге жетеріміз хақ!
Осы орайда бүгін Талас ауданындағы білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі – ББЖМ) жұмыстары басталды.
ББЖМ білім беру ұйымдарында мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі және білім алушылардың білім сапасын жүйелі бағалау болып табылады.
ББЖМ 4,9 сынып білім алушыларынан кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып алынады және оқыту тілінде оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бағыттары бойынша жүргізіледі.
Жалпы Талас ауданы бойынша — 2️⃣7️⃣6️⃣ оқушы өздерінің білімін сынауда.
 А.С.Пушкин атындағы ом – 8️⃣4️⃣ оқушы
 Ш.Уалиханов атындағы ом – 8️⃣4️⃣оқушы
Мектеп лицей — 6️⃣0️⃣ оқушы
Б.Тоқтықожаұлы атындағы ом – 4️⃣8️⃣ оқушы
Тестілеу тапсыратын білім алушыларға сәттілік тілейміз❗
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан келешек ұрпағымызды білімді, білікті, бәсекеге қабілетті етіп тәрбелеу – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр.
Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген, білімді, дағдыларды меңгеретін, шығapмaшылық бaғыттa жұмыс iстeйтiн, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру және тәрбиелеу.

Мақсат Қазанғапов Талас аудандық білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.