Білім сапасы – басты көрсеткіш

55
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты.
Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.
Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деп атап көрсеткен болатын. Бұл ұлттық жобаның түпкі мақсаты – әрбір баланың сапалы білім алуына қолайлы жағдай тудыру.
Бала ештеңеге алаңдамай тек сабағын оқып, білімді де білікті болып шығуы тиіс.
Білім сапасын көтеру – егемен елдің білім саласының, Жаңа Қазақстанның жақсы мұғалімінің ең үлкен мақсаты.
Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейте түскен абзал.
Осы мақсатта бүгін Талас ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мектеп және қосымша білім беру мекемелерінің басшыларына арналған » Мектепішілік бақылаумен басқарудың тиімді ұйымдастырылуы білім сапасының кепілі» тақырыбында әдістемелік кеңес отырысы өтті.
Әдістемелік кеңестің мақсаты жаңа оқу жылындағы мемлекеттік стандартқа сай жұмыс жасаудың тиімділігін арттыру және басшыларға әдістемелік көмек көрсету.
Аталған іс шарада мектепішілік бақылаудың 6 бағыты бойынша аудан директорлары өз мектептерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша тәжірибемен бөлісті.
1. Нормативтік құжаттардың орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау Мектеп-лицей директоры -Алпысбаева Запира Рахымбердіқызы
Әдістемелік кабинет меңгерушісі- Нұрбалтаев Дүйсенбек Кеңесбайұлы
2. Оқу процесінің сапасын бақылау С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің директоры-Рыскулбекова Марина Нышанбековна
Әдіскер- Сағынбекова Сәуле Жақсылыққызы
3. Оқушылардың білімдегі олқылықтарының орнын толтыру бойынша және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты бақылау Б.Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебінің директоры -Батаев Руслан Карсанович
Әдіскер- Жанкулова Света Курманбековна
4. Оқу- зерттеу қызметі А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның директоры -Абдразакова Асем Ибрашқызы
Әдіскер- Арипбаева Балауса Алимханқызы
5. Мүғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік дайындығының жай- күйін бақылау Ш.Уалиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінің директоры -Сыдық Берік Сарыүйсінбекұлы
Әдіскер- Чабанбаева Бота Бегімханқызы
6. Тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізуді бақылау Д.А.Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінің директоры- Алимханов Ғылым Жолтаевич
Әдіскер- Оразымбетов Жаркынбек Усенгалиевич
Іс шараға мекеме басшылары белсенді қатысып, жұмыс барысында туындаған мәселелерін ортақ талқылап шешу бойынша ұсыныстар білдірді.
Тобықтай сөздің түйіні:
Қазақ елінің болашағы білікті ұстаз бен білімді жастардың қолында екендігі даусыз.
Осы саладағы мамандардың кәсібилігін арттырып, Жаңа Қазақстанның жаңаша өркендеуіне үлес қоса алсақ онда еңбегіміздің еш кетпегені.
Мақсат Арапұлы Қазанғапов, Талас ауданы білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.