АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ

34
Бүгін аудан әкімі Н.Жүнісбековтың төрағалығымен азаматтық қорғаныс саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес өтті.
Кеңеске түрлі қызметтерден құралған шұғыл әрекет ету аудандық жасағының басшылары қатысты.
Шұғыл әрекет ету жасағы-зардап шеккен халыққа дер кезінде көмек беріп, ірі масштабтағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша шұғыл шаралар қабылдауға арналған.
Кеңес барысында аудан әкімі шұғыл әрекет ету жасағы қажетті құрал-саймандар, арнайы киімдер, материалдық-техникалармен толық жабдықталуын басты назарда ұстауын және де жасақ басшыларын түрлі төтенше жағдайларға әрдайым дайын болуын қадағалауда ұстауды тапсырды.
Талас аудан әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.