Сапалы білім беру мәселесі қозғалды

111
 Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде.
Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр.
Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ.
Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі – білім беру, ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің таласы жоқ.
Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұр. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім –мектептің жүрегі» – деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екендігі аян.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру,ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне,әрдайым өзінің білімін жетілдіріп,шығармашылық ізденісте жүруі маңызды.
Осындай ізденіс пен тәжірибе алмасудың жарқын көрінісі бүгінгі Тараз қаласындағы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевпен кездесуде көрініс тапты.
Басқосуға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысы Мейірхан Азатұлы және облыстың білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дәмеш Шайхықызы және аймақтардағы білім бөлімдерінің басшылары қатысты.
Кездесу барысында тестілеу орталығының директоры өткен жылғы оқу жылының қорытындысы, ҰБТ мәселесі мен биылғы оқу жылында енгізілген өзгерістер туралы айтып, нақты тапсырмалар берді.
Осы орайда Талас аудандық білім бөлімінде де білім сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың қарқынды жүргізіліп жатқанын айтып өтсек артықтық етпес.
2023 жығы ҰБТдің қорытындысына тоқталар болсақ: Бүгінгі таңда мектеп бітіруші түлектердің жоғары оқу орындарына түсуіне арналған емтихан түрі-ұлттық бірыңғай тестілеу екені баршаңызға белгілі.
Оған аудан бойынша мектеп бітіруші оқушылардың 93,8 пайызы қатысты.
Талас ауданы бойынша 2022-2023 оқу жылында 27 орта мектептің 24-де 11 сыныпта 408 оқушы бітірді. ҰБТ-дің қорытындысы бойынша ауданның орташа баллы 77,1 баллды құрады.
Биылғы жылы аудан бойынша ең жоғары 133 балл иеленген А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның оқушысы Аллаберген Аяна және Бөлтірік шешен ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің оқушысы Сембек Еркеайым Алтын белгі төсбелгісінің иегері екенін атап өткен жөн.
Алтын белгі белгісіне үміткер болған 15 оқушынның барлығы алтын белгіні иеленді. Үздік атестатты биылғы жылы 48 оқушы иеленді.
Мақсат Арапұлы Қазанғапов, Талас ауданы білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.