Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті

60

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекеме қабырғасында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Жиынға арнайы қатысқан Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев пен кешкі орта мектеп директоры Бекмұрат Мұқанов жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Қылмыстық-атқару заңнамасы мақсаттарының бірі сотталғандарды түзеу құралдарын айқындау болып табылады, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және кәсіптік білім алу осындай құралдардың бірі. Сондықтан сотталғандарды оқытуға ерекше көңіл бөлінеді»,- дейді Б. Мұқанов.

Мекеме әкімшілігі мектеп педагогтарымен бірлескен жұмысы өз алдына көптеген өзекті мәселелерді қояды, олардың маңыздылығы тек сабақтарда алған білімдерін тексеру жүйесі ғана емес, сонымен қатар материалды меңгеруді, ой-өрісін кеңейтуді бақылау, ең бастысы негізгі білім алу және сотталғандарды алған мамандықтары бойынша одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.