БІЛІМ КҮНІНДЕ САРЫБАРАҚ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

75
Білім күнінде Темірбек ауылдық округінің Сарыбарақ ауылында 100 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.
Жаңа мектепте:
✅ 12 оқу бөлмесі
✅ кітапхана, компьютер және лингафонды-мультимедиалық кабинеттер
✅ ұлдар мен қыздарға арналған шеберханалар
✅ медициналық кабинет пен жеделсаты
✅ кең спорт залы және 30 орындық асхана
✅ спорт және ойын алаңдары бар.
Мектепте 22 педагог 108 балаға сапалы білім бермек. Сонымен қатар, балалар «Логикалық математика», «Көркем жазу», «Тоғызқұмалақ» сияқты үйірмелерге қатыса алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.