Білім беруге баса назар аударылуда

80

Тәуелсіздігімізді алғалы бері балалар мен жастардың білімге қол жеткізуіне, білікті маман атануына барынша жағдай жасалып келеді. Мемлекетіміздің болашағы саналған жастардың сапалы білімді бойына сіңіріп игеруіне жағдай жасау қашанда басты орында екені даусыз.

Бұл ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі білім сапасына қатысты бірқатар өзгеріс қолға алынатынын мәлім еткен еді. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз», — деді президент. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. «Жалпы, мектеп салу үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», — деп атап өтті Тоқаев.

Тараз қаласында 146 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар, оның ішінде мемлекеттік 45 балабақша мен 15 шағын орталық және жекеменшік 86 жекеменшік мекемелер. Жалпы жобалық сыйымдылығы – 20 931 орын. Барлығы 22 025 бала қамтылып, оның ішінде 2-6 жас – 82,6%, 3-6 жас –100%, 1-6 жас — 88% қамтылған. Мемлекеттік мекемелерде-11868, жекеменшік мекемелер – 10 157. Кезектегі бала саны – 19700 (1-6 жас).

Ал қосымша біліммен қалада 66 182 бала қамтылған. Мектепішілік үйірмелерге — 42 783 мектептен тыс мекемеде – 13258, жекеменшік мекемелерге – 725, спорт мектептерінде — 11 502.

Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында 13983 оқушы (18%) қамтылған, оның ішінде:

— мемлекеттік мекемелерде — 13258, яғни 17,2% (оқушылар сарайы- 7257, Техникалық шығармашылық орталығы- 2970, Балалар көркемөнер мектебі-672, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы -362, «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін «Жамбыл дарыны» облыс орталығы» — 1997).

— жекеменшік мекемелерде — 725, яғни 0,8%(М.Глинка атындағы балалар музыка мектебі — 98, «Юный музыкант» — 15, «Парус» балалар шығармашылық орталығы — 462, «Өнер мектебі» — 15, «Қарақат» мектебі -135).

— жүзу сабағы (№5 МГ)- 984, яғни 1,2%.

— спорт мектептерінде — 11 502 бала қамтылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.