Билік өкілдерін қорлады деп айыпталған әнші Төреғали Төреәліге сот үкім шығарды

137

фото: әлеуметтік желіден

«Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында билік өкілдерін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 378-бабының 1-бөлігі). Сот қаулысымен А. аталған құқық бұзушылық үшін кінәлі деп танылды. Сот оны 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады», – деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Прокурор оны 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындауды сұраған болатын. Әнші кінәсін мойындамады.

14 маусымда полиция Lexus көлігін тоқтатқан болатын. Көлікті қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі басқарғаны белгілі болды. Әнші полиция қызметкерлерінің заңды және бірнеше рет қойылған талаптарынан үзілді-кесілді бас тартып, полиция қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп, қарсылық көрсеткен еді. Осылайша оған қызметтік міндеттерін орындау кезінде билік өкілдерін қорлады деген айып тағылған.

Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Бірақ әншінің адвокаты оны ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Кейін бұл жағдайға өнердегі әріптестері пікір білдірген еді. Даулы оқиғадан кейін Төреғали Төреәлі 18 шілде күні бостандыққа шықты.

https://stan.kz/bilik-okilderin-korladi-dep-ayiptalgan-anshi-toregali-t-388629/

Leave A Reply

Your email address will not be published.