Бибігүл Жексенбай «Бас редакторлар клубының» басшысы болып қайта сайланды

95

3 ақпанда «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

«Бас редакторлар Клубы» – 2007 жылы құрылған және құрамына Қазақстанның 250-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен жетекшілері кіретін ерікті қоғамдық бірлестік. Ұйымның мақсаты – мемлекетте шығармашылық атмосферасын нығайту, бұқаралық ақпарат құралдары арасында тиімді бәсекелестікті нығайту, қоғамда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту.

Конференция барысында Клубтың құрылған күнінен бастап атқарған жұмысына шолу жасалып, есепті кезеңде ұйымдастырған іс-шаралары туралы белгілі журналист, медиаменеджер, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ұлттық Құрылтай төрағасының орынбасары, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай баяндады. Басқосуға қатысқан әріптестердің сұрақтарына жауап қайтарып, клуб мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Есеп беру-сайлау конференциясы соңында қоғамдық бірлестіктің басшысы болып Бибігүл Жексенбай қайта сайланды. Сондай-ақ жаңа құрамдағы басқарма мүшелері мен жаңадан сайланған атқарушы директоры таныстырылды. Клубтың атқарушы директоры болып Халықаралық Телевидение және радио академиясының академигі, белгілі журналист Махат Садықтың кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. 

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің жаңа құрамдағы басқарма мүшелері – вице президенттері:

1. Мұратбек Тоқтағазин – Республикалық  «Әділет.Рухани жаңғыру»  газетінің бас редакторы, профессор;
2. Ысқақ Егембердиев – журналист, «Айқын-Литер» ЖШС директоры, Phd докторы;
3. Қамбар Ахметов  журналист, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары;
4. Марат Башимов – қоғам қайраткері, «Человек и закон»  газетінің бас редакторы;
5. Доған Йылдыз  журналист, «kazaknews.kz» және «kazakistan.kz» ақпараттық агенттіктерінің жетекшісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.