Мемлекет және қоғам қайреткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 70 жасында дүние салды. Қайғылы хабарды «Қазақстан» ұлттық арнасы жеткізді деп хабарлады turkystan.kz.
Бердібек Машбекұлы 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында туған.
1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
2007 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2009-2014 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
2015-2019 жылдары – Ақтөбе облысының әкімі.
2019 жылдың ақпан-тамыз айларында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.
2019-2020 ж. ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
2020-2022 жылдары Жамбыл облысының әкімі болды.
«Құрмет» (1999), «Парасат» (2007) ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.
https://turkystan.kz/article/225392-berdibek-saparbaev-omirden-otti/