Бүгін «Өңірлік коммуникация қызметінің» алаңында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков «Өңір дамуы – ортақ игілік» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді.
Аймақ басшысының тапсырмасына сай бекітілген алгортимге байланысты ұйымдастырылған жиында Бекболат Серікбекұлы облыстың жылдың алғашқы тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды.
Б. Орынбековтың айтуы бойынша, облыс экономикасының барлық салаларында оң динамика қалыптасып отыр. Мәселен, 2018 жылғы алдын ала деректер бойынша Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімінің өсімі 3,7 пайызды құраған.Бұл республика өңірлері арасындағы 8 көрсеткіш болып отыр.
– Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өнеркәсіп үлесі –17,9 пайыз, ауыл шаруашылығы – 10,2 пайыз, құрылыс — 8 пайыз, сауда — 9,9 пайыз, көлік -18,2 пайыз, байланыс — 0,7 пайыз, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар және білім – 7,5 пайыз салымдарының өсімі байқалады.
2019 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша өнеркәсіпте 154 095,8 млн.теңгенің, ауыл шаруашылығында 32 050,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тиісті кезеңмен салыстырғанда 14,6 пайызға артты.
Құрылыс көлемі 17477,7 млн. теңгені құрап, 1,2%-ға артты. Тұрғын үй құрылысында 125 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2018 жылдың 4 тоқсанында 65 056 теңгені, орташа айлық жалақы 2019 жылдың 1 тоқсанында 112,3 мың теңгені құрады, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары өз сөзінде.
Жиын барысында Б. Орынбеков өзге де әлеуметтік маңызы бар салаларға жекелей тоқталып өтті.