БӘЙТЕРЕК АУЛЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ.

66
〽️Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Ақтөбе ауылдық округінде «Бірлігіміз-әр алуандылықта» тақырыбында этнос өкілдерімен кездесу өтті.
️Кездесуге Жамбыл облысы ҚХА мүшесі, «Тараз қаласы өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зайнутдинов Абдурахман Юлдашевич, «Елу жылда — Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің басшысы Сүйімқұл Шарапат Батырбекқызы қатысып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде ксенофобияға, «араздық тіліне», тілдік және этникалық негізде кемсітушілікке жол бермеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізілді.

 

Жуалы ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.