Танымал продюсер Баян Мақсатқызы алғашқы некеден туған қызы Айару Бақытбекке қазіргі күйеуі Тұрсын Алагөзовтің ақыл айтып отырған сәтінен видео жариялады, деп хабарлады turkystan.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Видео Баян Мақсатқызының Instagram парақшасының Stories бөлімінде жарияланды. Продюсердің өзі видеоға «Тыңда, балақай» деп пікір қалдырған.
Айта кетейік, Баян Мақсатқызының алғашқы некесі Бақытбек Есентаевтан Айсәуле және Айару есімді екі қызы бар. Ал кейінгі күйеуі Тұрсын Алагөзовтен өткен жылдың күзінде суррогат ана арқылы Алма және Алиса есімді екі қызы өмірге келді.