Батырға тағзым

74
Биыл аудан көлемінде Жауғаш батыр Қырбасұлының 290 жылдық мерейтойы атап өтіледі.
Осыған орай, бүгін батыр туралы тарихи айғақтарды айшықтау мақсатында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараға алыс-жақыннан келген зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар алдымен, аудандық мәдениет үйінің алдындағы Жауғаш батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Мәдениет үйінің кіреберісіне қонақтар назарына батырға қатысты тарихи жәдігерлер жинақталған көрме ұсынылды.
Конференцияда Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Намазалы Омашев, Абай зерттеу ғылыми зерттеу инситутының директоры Жанғара Дәдебаев, Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры Нәбижан Мұхаметханұлы және тағы басқада тарихшы ғалымдар батыр бабаның тарихи ерліктері, өмірбаяны мен оның тұлғалық келбеті, саяси маңызды мәмілегерлік істері туралы баяндама жасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.