Басты міндет – салауатты ұрпақ тәрбиелеу

832

Жыл басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы еліміздегі барлық мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрді. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталған биылғы Жолдауда Президент ел дамуына негіз болатын 10 бағытты ерекше атап өтіп, оның әрқайсысына жеке-жеке талдау жасаған болатын.

Осы 10 бағыттың ішінде Ұлт көшбасшысы денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт жайындағы өзекті мәселеге кеңінен тоқталды. Яғни, «Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетінін, сондай-ақ тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқару қажеттігін» айтты.

Дәл қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша онкологиялық  ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу оңайға соқпай тұр. Елбасымыз бұл жағдаятты да назарға алып, жаңа Жолдауда: – Онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет. Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуге тиіс. Мемлекеттің межелі міндеттерін белгілей отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажет,-деп жазды. Қазақстан – жаһандану заманында дамудың өзіндік дара үлгісін қалыптастырып, әлемнің маңдайалды мемлекеттерімен экономикалық тығыз қарым-қатынас орнатқан болашағы жарқын ел. Біз осы жетістікке Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жетіп отырмыз. Ұлардай ұйып отырған татулығымыз бен беркелі бірлігімізде егемен еліміздің зор мәртебесін бұдан да еселей түсері анық. Ең бастысы, дені сау ұлттың қашанда жаны да сау болатынын ұмытпағанымыз абзал.

Р. ЖҰМАНҚҰЛОВА, Т. Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.