Баспана алудың талаптары түсіндірілді

369

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің қызметкерлері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандарымен кездесті. Басқосуда аталған банк өкілдері жеке құрамға баспанаға қол жеткізу үшін қандай бағдарлама тиімді екенін және сол бағдарламаның шарттарын жан-жақты түсіндірді.
Кездесуде аталған банктің консультанты Алтынай Әмірқұлова мемлекеттің тұрғын үй саясатын және оның тиімді тұстарын, ереже-шарттарын толық баяндап берді.
«Бәріңізді тұрғын үйге кезегіне тұруға шақырамын. Біздің банктен есепшот ашып, әр ай сайын жалақыларыңыздың белгілі бір бөлігін аударып отырсаңыздар болады. Айта кетейік, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлерге арналған көптеген бағдарламар бар. Үкімет сіздерге зор мүмкіндік ұсынып отыр», — деді А.Әмірқұлова.

Өз кезегінде мекеме қызметкерлері мамандарға да көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Жиын соңында төлем қабілеттілігі, тұрғын үйлердің сапасы, несие тарихына қатысты мәселелерді талқылады.

Ринат Ақышев,
ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімінің бастығы, әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.