БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

121
«Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында тілдерді дамыту басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова Қаратау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік тілдің қоғамды топтастыру, елді біріктірудегі рөлі, мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тіліне айналдыру және этностық топтардың тілдерін дамыту бойынша пікір алмасып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар елді мекендер мен құрамдас бөліктерге, нысандарға атау беру, қайта атау кезінде басшылыққа алынатын заңнамалар, «Тарихи тұлғалар» және «Жер-су атаулары» тізімдері туралы түсіндірді.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.