Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық

162
» Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық» демекші, тәуелсіздік алғаннан кейін өз еліне оралған Қаратау қаласында туып өскен өзге ұлттың азаматтары бүгінде қаламыздың 60 жылдығына орай ұйымдастырылған шараларға бір үйдің баласындай ат салысып жатқан жайы бар. Ұлты орыс,грек,неміс болса да ұлтым бөлек демей туған жеріне келіп халықпен , жас ұрпақпен жүздескен қуаныштарында шек жоқ. Кіндік қаны тамған Қазақстан үшін құрметтері ерекше жандар бүгінде Қаратау қаласында орталық стадион алаңында. Қаратау қаласының *60 жылдығына* орай кіші футболдан ардагерлер арасында халықаралық «КЕНШІЛЕР КУБОГЫ» ұйымдастырылып жатыр. Құрметті Қаратау қаласы ның тұрғындары , «Әркімнің туған жері- Мысыр шаһары» деген ұстаныммен туған жеріне келіп жатқан өзге ұлт бауырларымызбен кездесіп ,жүздесулеріңізге болады. Кездесу орыны ОРТАЛЫҚ стадион.
Дархан Баймбетов, Қаратау қаласының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.