«Басқа қалаға 1 жарым миллион»: Отандық жұлдыздардың гонорары қанша?

74

©moldir.auyelbekova/nnurbolkhann/erkebulan.kumarov/aya_funk

Мөлдір Әуелбекованың қаламақысының мөлшері іс-шараның қай қалада өтетініне байланысты екен.

“Басқа қалада 1 жарым миллион, Алматыда 1 миллион”, – дейді Мөлдір Әуелбекова.

Жайдарманшы, әзілкеш әрі шоумен Нұрболхан Шарапов өз еңбегін 2 мың долларға бағалайды. Ал жастар арасында “Aya Funk” деген лақап атпен танымал Аян есімді жас әнші 1 миллион теңгеге өнер көрсететінін айтты.

“Жылыр көйлек” деп шырқайтын Еркебұлан Құмаров бұл сұраққа нақты жауап бермеді. Тек екі санын көрсетті. Өнер иесі 2 миллионды меңзеді ме, әлде 2 мың доллар дегісі келді ме, белгісіз.

https://stan.kz/baska-kalaga-1-zharim-million-otandik-zhyldizdardin-gon-388603/

Leave A Reply

Your email address will not be published.