«Барыс» хоккейшісі Қазақстан азаматтығынан айырылды

207

Қос азаматтығы бар «Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы желтоқсан айының басында астаналық командаға қайта оралғаннан кейін Қазақстан азаматтығынан айырылған деп хабарлады turkystan.kz Шайба.kz сайтына сілтеме жасап.

Жазда «Барыс» басшылығын орнынан босатуды талап етіп, петиция ұйымдастырған жанкүйерлердің белсенді тобы ҚР ІІМ Астана Полиция департаменті Көші-қон басқармасына Дмитрий Эдуардович Шевченконың қос азаматтығын тексеруді сұраған.

Тексеру барысында Қазақстан азаматы Дмитрий Шевченконың Ресей Федерациясының азаматы екені анықталды. «Қазақстан азаматтығы туралы» ҚР Заңының 21-бабы 5-тармағына сәйкес биылғы 6 желтоқсанда Дмитрий Шевченконың Қазақстан азаматтығы жойылды деп тіркелді.

Азаматтығы жоқ хоккейші Қазақстан құрамасы сапында халықаралық жарыстарда ойнай алмайды.

https://turkystan.kz/article/208677-barys-hokkeyshisi-kazakstan-azamattygynan-ayyryldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.