Бәрін тастап, әлемді шарлауға қаша қаражат қажет? – зерттеу

43
Әлемді аралау үшін орта есеппен 287 731 доллар қажет. Мұндай есептеулерді TalkerResearch зерттеу орталығы жүргізді.

Зерттеу Travelbinger компаниясының тапсырысы бойынша 2025 жылдың 31 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында өтті. Оған 2 000 америкалық – 1 000 ер адам және 1 000 әйел қатысты. Сауалнама онлайн форматта жүргізіліп, халықтың әртүрлі топтарын қамтуға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, адамдардың көбі жұмыстан бас тартып, ұзақ саяхаттауды армандайды, бірақ қаржы мәселесі оларды тежейді. Респонденттердің басым бөлігі өмір сүру деңгейін төмендетпей, тұрақты табыссыз саяхаттау үшін кемінде шамамен 300 000 доллар жинау қажет деп санайды.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай соманы жинау көптеген адамға қиын, сондықтан көбісі саяхаттау үшін толық жұмыстан бас тартқаннан гөрі қашықтан жұмыс істеуді немесе фрилансқа көшуді қарастырады. Ал кейбіреулер үшін әлемді шарлау өмір бойғы мақсат болып қала береді.

сурет: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/256292-b-rin-tastap-lemdi-sharlauga-kasha-karazhat-kazhet-zertteu

Leave A Reply

Your email address will not be published.