«Бәріміз шатырдың үстінде тұрмыз»: Челябі облысында жауын салдарынан бөгет бұзылып, 5 ауылды су басты

155

Фото: Видеодан скрин

Қарабаш қалалық округінің жедел штабының мәліметінше, бес ауылды су басқан. Олар Киолим, Мухаметово, Карасаево, Байдашево және Сақтаево. Төрт ауылдан 163 адам эвакуацияланды, оның 21-і балалар.

Әлеуметтік желіде су басқан ауылдардың тұрғындары түсірген видеолар тарап жатыр. Олар судың үйдің терезесіне дейін жеткенін айтқан. Тұрғындар өздері шатырға шығып, үй жануарларын құтқаруға әрекет еткен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бөгеттің 100 метрдей жерін тез таралып жатқан су шайып кеткен. Миасс – Қарабаш – Қыштым тас жолының бірнеше шақырымын су басып, көлік қозғалысы тоқтатылды. Қарабаш аймағында төтенше жағдай жарияланды. Қарабаш қаласында екі мектеп базасында эвакуацияланғандарды уақытша орналастыру орталықтары құрылды.

27 шілде күні таңертең Төтенше жағдайлар министрлігі Киолим ауылындағы су тоқтап, зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. Құтқарушылар бөгеттегі су тасқыны салдарын жоюды жалғастырып жатыр.

https://stan.kz/barimiz-shatirdin-ustinde-tyrmiz-chelyabi-oblisinda-zha-403903/

Leave A Reply

Your email address will not be published.