Бар қазақтың баға жетпес байлығы

666

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді» дегені бар. Бұл – батыл байлам! Ұққан адамға – аталы сөз!

Біздің осы уақытқа дейін бір олқы тұсымыз – Қазақстан тарихын тұтас қамтып жаза алмағанымыз. Мемлекет басшысы осы мәселені де тап басып айтыпты. «Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастау керек. Бұл іске беделді тарихшыларымызды тарту қажет. Сонымен қатар шетел аудиториясына арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аударуды ұсынамын» дегенді де айтты Мемлекет басшысы.
Президенттің қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарымызға үндеу тастағаны да белгілі. «Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді», – деді Қ.Тоқаев.
Ал биыл – Тәуелсіз-дігіміздің 30 жылдық мерейтойы. Ширек ғасырдан сәл ғана көп болғанымен, тарихи өлшеммен алғанда қас-қағым сәт. Өзіміздің әлсіз тұстарымызды өзіміз білеміз. Тезірек олқының орнын толтырмақ керек. Тәуелсіздік – ұлттың бағы! Қазақ үшін бәрінен қымбат ұғым! Президенттің мақаласында елдік мұрат анық айқындалған. Назар аударатын, мән беретін мемлекеттік мәселелер баршылық. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы «Тәуелсіздікті жыл санап, ай санап, апта санап, күн санап, сағат санап шегелей беру керек» деген еді бір сұхбатында. Бізге тегеурінді іс керек. Талап керек. Тағат керек. Мақаладан ойға түйген нәрсе көп. Есті азаматтар елдіктің жолында елдің арбасын алға қарай бірге тартады деп есептеймін. Осы орайда, біздің университет басшылығы тарапынан істеліп жатқан жұмыстар ауқымды.
Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған тапсырмаларды орындау аясында осы қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларына қоса, балаларға арналған шетел жазушыларының таңдаулы туындыларын аудару, оларды көптеп басып шығару және тарату аса маңызды. Әсіресе, Алаш қайраткерлерін еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету, толыққанды зерттеу жұмыстарын жүргізуді жалғастыру жұмыстарының ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор. Оқу орнымызда осындай шаралармен бірге, 1921-1922 жылдардағы нәубеттің 100 жылдығына байланысты жүйелі зерттеу ұйымдастырып, арнайы ғылыми еңбек шығарылуда. Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін жоспарлы түрде насихаттау бағытында, Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай көптеген іс-шара өтуде.

Дастан КАДИРОВ,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/1 мекемесі Режим және күзет бөлімі бастығының орынбасары,

әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.