Баланың буллингке тап болғанын қалай білуге болады?

290

Балалардың үштен бірі мектепте буллингті бастан кешіреді. Бірақ олар бұл жағдай туралы ата-анасымен бөлісуге дайын болмай жатады.

Буллинг дегеніміз не? Бұл күшті әлсізді қандай да бір жолмен ренжіткен кездегі әрекетті білдіреді. Ол сөзбен немесе физикалық тұрғыда тиісуі мүмкін.

Барлық қақтығыс буллингке жатпайды.  Норвегиялық психолог Дан Олвеус 1994 жылы буллинг критерийлерін сипаттаған. Оның айтуынша, буллинг әрдайым қайталанады және ұзаққа созылады. Мұнымен қоса, маманның айтуынша, күшті мұны әлсіздің жанын жаралап, ыңғайсыздық тудыру үшін әдейі істейді. Мұны көзбе-көз немесе онлайн да жасай береді.

Егер күші бір-біріне тең адамдар арасында қақтығыс болса, бұл – буллинг емес.

Баланың буллингке тап болғанын қалай білуге болады?
Фото: psiholog-panova.ru

Баланы ренжіткенін қалай білуге болады?

Баладағы буллинг белгілерін байқау үшін ересектер баламен байланыста болуы керек.

Мінез-құлқында қандай өзгеріс болады?

  • Сабақтан шыққан соң немесе телефон, компьютерде отырғаннан кейін көңілсіз болады;
  • Кейде керісінше, өзін көңілді ұстап, бәрі жақсы екенін айтады. Бірақ бұл шынайы емес;
  • Мектепте кіммен дос екенін сұрағанда, «ешкіммен» деп жауап береді.
  • Өзіне зиян келтірумен, жаралаумен айналысады: денесінің бір жері кесілгенін, күйік шалғанын және басқа да белгілерді көруіңіз мүмкін.
  • Жайсыз сезініп тұрғанын айтып, шағымданады және үйде жалғыз қалдыруды өтінеді.
  • Тамақ ішпейді немесе керісінше, артығымен тамақтанады;
  • Түнде нашар ұйықтайды.
  • үйге ақшасыз және жеке заттарсыз келеді – заттар бүлінген;
  • Сабағы нашарлайды;
  • Өмір сүргісі келмейтіні туралы айтады.
буллинг
Фото: exclusive.kz

Буллинг ықтималдығы кімде жоғары?

Буллинг құрбаны болу қаупі отбасындағы тәрбиеге, баланың жеке басына және ол тұратын қоғамның мәдениетіне байланысты.

Психологтардың пайымдауынша, бала үйде қаншалықты қатал тәрбиеленсе, оның бұзақыға айналу қаупі соғұрлым жоғары болады. Ата-ананың қаталдығы баланы әлсіздерді қорлауға немесе сондай топқа қосылуға итермелейді. Керісінше, тым көп қамқорлық та буллинг қаупін арттыруы мүмкін.

Егер балада жоғарыда сипатталған мінез-құлық болса, бұл тек буллинг белгілері ғана емес екенін есте сақтаған жөн. Бұл депрессия белгілері болуы да мүмкін. Сондықтан балаға үнемі көңіл бөлу керек дейді мамандар. Ал егер балада не болып жатқанын түсінбесеңіз, көмек алу үшін психолог немесе медицина маманына хабарлассаңыз болады.

 

Дереккөз: Stop Bullying

https://turkystan.kz/article/227209-balanyn-bullingke-tap-bolganyn-kalay-biluge-bolady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.