Жаңа жыл – әр баланың жыл бойы асыға күтетін басты мерекесі.
Балдырғандарды ертегілер әлеміне жетелейтін бұл күн биыл да аудан бүлдіршіндерін ерекше күйге бөлеп, жылдағы дәстүрге сай аталып өтуде.![]()

«Бұл өмірде жүздеріңізден нұр шашып, бар ықыластарыңызбен риза болғандарыңызды көруден асқан бақыт жоқ. Еліміздің барлық аймағында өздеріңіздей өнегелі, білімді балалар Жаңа жылдық шыршаның айналасына жиналып, мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуда. Бүгінгі шырша тойы естеріңде қалатын ерекше кеш болады деп сенемін. Келер жыл баршаңыздың арман-тілектеріңіз орындалатын жыл болсын» деп мен де тілегімді арнап, балалармен балаша қуандым.![]()

Салтанатты шарада балалар жайдары көңіл-күймен өз өнерлерін ортаға салды.
Жаңа жылдың басты сәні — жасыл шыршаны айналып, шаттық пен қуанышқа бөленді.![]()

Таластық оқушылар үйінің әзірлеген арнайы мерекелік бағдарламаны тамашалады.
Мерекелік шараға қатысқан балғындарға Жаңа жылдық сыйлықтар үйлестірілді.