Балалардың терезеден құлауын болдырмау – әр ата-ананың міндеті

69
Жыл сайын елімізде балалардың терезеден құлау оқиғалары тіркеліп жатады. Әсіресе жаз мезгілінде, ауа-райы жылы кезде мұндай жағдайлар жиілейді. Бұл – ата-аналардың бір сәттік бейқамдығы мен қауіпсіздік шараларының сақталмауынан туындайтын ауыр зардаптарға әкелетін жағдай.
Неге балалар құлайды?
• Балалар қызығушылығы жоғары, олар айналаны зерттегенді жақсы көреді.
• Терезе маңында орналасқан жиһаздардың (диван, үстел, төсек) көмегімен жоғарыға оңай көтеріледі.
• Мосquito торларына сүйеніп қалғанда, тормен бірге сыртқа құлап кетеді.
• Терезенің ашық немесе дұрыс бекітілмеген күйде қалуы.
Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін не істеу керек?
✅ Терезеге арнайы қорғаныш құралдарын орнату:
Терезе бекіткіштері, терезе шектеуіштері (блокираторлар) баланың терезені толық ашып жіберуіне жол бермейді.
✅ Москит торларына сенбеу:
Москит торы қауіпсіздік үшін емес, тек жәндіктерден қорғануға арналған. Олар салмақты көтере алмайды!
✅ Жиһаздарды терезе маңынан алыстату:
Бала терезеге оңай жетпеу үшін терезе жақтағы диван, үстел, орындық сияқты жиһаздарды басқа жерге қою керек.
✅ Терезелерді тек үстіңгі жағынан ашылатын режимде қалдыру:
Көптеген заманауи терезелерде мұндай функция бар. Бұл терезенің төменгі жағы ашылмай, баланың сыртқа шығуына жол бермейді.
✅ Балаға қауіпсіздік туралы түсіндіру:
Жас ерекшелігіне қарай балаға биіктіктің қауіпті екенін, терезеге шығуға болмайтынын айту керек.
Есіңізде болсын: бір сәттік бейқамдық – орны толмас қайғыға соқтыруы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.