Балаларды 1-сыныпқа қабылдау ережесі өзгерді

1 651

Білім және ғылым министрлігі балаларды бірінші сыныпқа қабылдау ережесіндегі толықтырулар мен өзгертулерді жариялады.

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын жеті жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді», — делінген министрлік баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Яғни, қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар биылдан бастап 1 сыныпқа бара алады. Өйткені балалар күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толып, мектепке қабылдану құқығына ие болады. «Білім алушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері білім алу үшін кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқылы. Білім беру ұйымына қабылдаудан бас тартқан жағдайда, білім алушының ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері жергілікті білім басқармаларына шағымдана алады», — деп хабарлады министрлік.

Сондай-ақ, бірінші сыныпқа балаларды қабылдауға қажетті құжаттар тізімінен мекенжай анықтамасы алып тасталды. Құжаттарды қабылдау 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі.

egemen.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.