Балаға шабуылдаған азамат ұсталды

228

Бүгін әлеуметтік желіде кәмелет жасына толмаған балаға ер адамның күш қолданғаны туралы видео тарағаны белгілі. Оқиға облыс орталығында орын алған.
20 қазан күні полиция органдарына Абай даңғылындағы “Инвиво” клиникасы маңында белгісіз ер азаматтың баласына күш қолданғаны туралы азаматшадан арыз түскен.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Жамбыл ауданының тұрғыны. Оның психикалық аурумен ауыратыны және қазіргі уақытта облыстық психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны анықталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалары тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.