Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау

65

Қызметті онлайн алу
1. Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
2. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою. Өтінімде «Қазпошта» АҚ-да, «Халық Банкі» АҚ-да ашылған жеке шоттың (IBAN) нөмірін көрсету қажет.
Ескерту: жеке шот өтініш берушінің атына ашылуы тиіс
3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламамен танысу. Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі.
*Онлайн-қызмет тек бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау бөлігінде ғана көрсетіледі және 2007 жылғы 13 тамыздан бастап баланың туу туралы жазба актісі жазылған, сондай-ақ 2008 жылғы 1 маусымнан бастап некеге тұрған азаматтар үшін қолжетімді.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
1. Қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) өтінішті ұсынады.
2. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
3. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
4. Баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (не туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама) – салыстырып сәйкестендіру үшін.
Қажет болған жағдайда (олардың болуына қарай):
1. Консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) (бар болса) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеуді растайтын құжат.
2. Сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген баланың (балалардың) қайтыс болуы туралы куәлік (куәліктер) (не қайтыс болу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтамалар).
3. Бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған кезде – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме.
4. Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген кезде балаға қамқорлық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат.
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Проактивті қызмет арқылы:
1. Әлеуметтік төлем тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

 

Сарысу аудандық
ХҚК бөлім басшысы
К.Аманкулов

Leave A Reply

Your email address will not be published.