Ер — азаматтың өмірінің жазылған дайын кестесі жоқ, бірақ табиғат оларды
түздің адамы етіп жаратқан.
Қазақта :» Еркекке сенгенше екі босағаңа сен»- деп, бекер айтпаған.
«Қыз десе, сексендегі шал
басын көтерген» деген сөзде де үлкен мағына бар…
Еркектердің серілігі, олардың әйелден ерекшелігі.
Сондықтан серілікпен жан жарының жанына жара салатыны белгілі.
Ең ақылды əйелдің өзі еркектің серілік ақымақтығына дайын болмайды…
Жан ұяны бақытсыздықтан сақтау тек əйелдің қолында…
«Ат айналып , қазығын табады «деген еркек өз от-басынан кетпейді…
Əйелге тек шыдамдылық керек…
Ер- азаматтың серілік жасауына, кейде әйелдер де кінәлі…
Тұрмысқа шыққаннан кейін өзіне қарамай, дұрыс киінбеуі, астың дайын болмауы, келген қонақтарды қарсы алмауы т.б.
Қанша кереметпін, сұлумын десең де, ер-
азаматсыз күнің жоқ.
«Жаман тымағын жарбитып киіп, көң тері
шалбары артына жабысқан еркек айбатың»- деп апам айтушы еді.
Қадірлейік…Сый — құрмет көрсетейік.
Тіпті, әйелдің уыстап тапқан ақшасынан, олардың аз теңгесінің берекесі бар…
Ер- азаматтың жаны бізден де нәзік.
Ата-анасына, дос- туысына құрмет көрсетсен, ел алдында, от басында бетіне алмай, қайда болдың деп, миын жемесең еркек өз үйінен кетіп, басқадан бақыт
іздемейді…
Құс екеш құста, басын құмға тығады тыныштық іздеп…
Үйден ер- азаматтың кетуінің
бір себебі миын шірітпей, тыныштық іздеуі заңдылық.
Жауынгер Амазонкаларда
еркексіз өмірдің мәні жоқ екенің түсінген…
Қазақтың азаматтары аман болсын!!!
Ана да төзімділіктің, ізгілік һәм мейірімділіктің өлшемі…
Ана да үлкен құрметке лайық…
Ошағыңның құты жарыңды, қол жетімді құнсыз жандарға айырбастаудың да қажеті
жоқ…
Қазақ» Құласаң нардан құла»- деп жәй
айтпаған шығар…
РАЙХАН МАТАЕВА