Баға үстемесi 10-15 пайыздан аспауы керек

554

Апта аралығында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасынан аспауы және індет талаптарының сақталуына зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылған мониторинг топ мүшелері Аса ауылдық округі аумағындағы кәсіпкерліқ, азық-түлік дүкендеріне арнайы барды.
Шұғыл топ құрамындағы «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Рүстем Қасымов және Аса ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасына назар аударды.
Рүстем Қалмұхамбетұлы түрлі тауарға қойылатын баға үстемесi 10-15 %-дан аспауына және әрбір тауардың тасымалдау құжаттарының болуына баса назар аудару керек екендігін айтты.
Сонымен қатар мониторингтік топ iндеттiң өршуіне байланысты маскалық режимді сақтау, антисептик қолдану және карантиндiк талаптарды толық сақтау керектігі бойынша тауар ұсынушыға да, келушіге де түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жамбыл ауданындағы баға тұрақтылығына мониторинг аудан әкімінің тапсырмасы бойынша 17 ауылдық округте жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.