«Бабалар еккен шынарды балалары саялайды»

83

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Қазақ әуел бастан Наурыз мере­кесіне ерекше даярланған. Көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ ауланы, тоғайлар маңын тазалап, ағаштардың түбін әктеп, күтім жасаған. Наурыз — мезгілдің, жылдың жаңа­ра­ты­н уақыты ғана емес, адамның да жандү­ние­сін тазартатын, не тындырдым деп өткен жылға қайырыла қарайтын тұс. Барша жұртты жұ­мылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жараты­лысқа деген ықыласын оятып, адам бала­сының табиғатпен үйлесімді түрде дамиты­нын ұғындыру парыз. Егілген ағаштың, өскен өсімдіктің әуе алабына тигізер пайдасы зор.  Тұрғылықты жеріміздің тал-терегін жайқалтып, гүлмен көмкерілген баққа айналдырып, ауылымыздың ажарлы болуына үлес қосу кімнің болса да азаматтық парызы. «Бабалар еккен шынарды балалары саялайды» демекші, отырғызған жасыл желектеріміз тез жерсініп, балғындарымыз мақтанышпен айта жүріп, саясында емін-еркін асыр салып ойнауы біз үшін үлкен қуаныш. Осындай мақсатта бүгінгі Сарысу ауданында өткен тал егу шарасына  Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Аманқұлұлы Әлметов отбасымен бірге қатысып, барлық елді тал егуге, табиғатқа жанашырлық танытуға  шақырды.

суретте: Асхат Әлметов қызы Раянамен бірге

Leave A Reply

Your email address will not be published.